Қыркүйекте пәтер жалдау бағасы қалай өзгерді

Елімізде қыркүйек айында тамызбен салыстырғанда жалға беру құны орташа есеппен 2.7 % өсті. 1 кв. м 3 372 теңгеден келеді. Krisha.kz мәліметіне сүйенсек, қыркүйекте баға бірқалыпты көтерілді. Негізгі өсім шілде-тамыз айларына (4–7 %) тиесілі. Krisha.kz баға мөлшерлемесін жүргізетін 13 қаланың 9-ында өсім тіркеліпті. Жалға беру құны төмендегідей: — Өскеменде: +10 %; — Петропавл, Шымкентте: +8 %; — Ақтөбе, Қарағандыда: +4 %; — Қостанайда: +3 %. — Алматы, Ақтау, Павлодарда: +1 %. Оралда баға 3 %, ал Астанада 1 % кеміді. Атырау және Көкшетау қалаларында орташа көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Қаңтармен салыстырсақ, жалға беру құны 12.8 % өсіп, барлық қалада мөлшерлеме сомасы артқан. Ең жоғары көрсеткіш — Павлодар қаласында тіркелді (+23 %), Ақтөбе (+22 %), Қостанай (+21 %). Астана, Алматы, Шымкент шаһарларында — сәйкесінше 6, 9, 11 %. Қала Қыркүйек, тг/кв. м Тамызбен салыстырғанда, % Қаңтармен салыстырғанда, % Алматы 6 222 1.0 9.0 Астана 4 058 –1.0 6.0 Ақтау 2 778 1.0 11.0 Ақтөбе 2 934 4.0 22.0 Атырау 3 077 0 3.0 Қарағанды 3 461 4.0 15.0 Қостанай 3 500 3.0 21.0 Павлодар 3 158 1.0 23.0 Петропавл 2 941 8.0 18.0 Орал 2 800 –3.0 10.0 Өскемен 3 015 10.0 6.0 Шымкент 2 708 8.0 11.0 Көкшетау 3 188 0 13.0 26 қыркүйектегі көрсеткіштер мынадай: — бір бөлмелі пәтерлер— 144 мың тг; — екі бөлмелі пәтерлер— 194 мың тг; — үш бөлмелі пәтерлер — 232 мың тг. Қала 1 бөлмелі 2 бөлмелі 3 бөлмелі Алматы 250 000 380 000 500 000 Астана 175 000 250 000 350000 Ақтау 120 000 150 000 200 000 Ақтөбе 147 500 250 000 250 000 Атырау 150 000 190 000 200 000 Қарағанды 140 000 250 000 220 000 Қостанай 150 000 180 000 220 000 Павлодар 120 000 170 000 200 000 Петропавл 120 000 130 000 150 000 Орал 130 000 130 000 190 000 Өскемен 120 000 150 000 195 000 Шымкент 120 000 150 000 180 000 Көкшетау 140 000 180 000 215 000 Қонаев 130 000 160 000 170 000