Абай облысында жыл басынан бері 1600-ден астам жол ережесін бұзу анықталды
Соңғы құқық бұзушылық Абай ауданында тіркелді.
Оның ішінде 23 жағдай көлікті мас күйде басқарумен байланысты (ҚР ӘҚБтК 608-бабы). Соңғы құқық бұзушылық Абай ауданында тіркелді. Рейд барысында орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды.
Полицейлер құқық бұзушылықты құжаттап, оқиға орнынан бейнематериал дайындады. Бұл бейне басқа жүргізушілерге ескерту және сабақ болу үшін ұсынылды.
Әрбір құқық бұзушылық – жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіп. Полицейлер жол қауіпсіздігін тәулік бойы бақылауды жалғастыруда және мұндай құқық бұзушылықтар жазасыз қалмайтынын ескертеді.
Сурет: Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі