Тоқаев осы аптада Минск пен Бакуге барады

Тоқаев осы аптада Минск пен Бакуге барады


Ақорданың баспасөз қызметі президент алдағы күндері екі елге жұмыс сапарымен баратынын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлады Ақорда.

Ал 24 қараша күні мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.