Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды

Жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болды.
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жеткілікті шек мөлшерлемесі күшіне енеді. 2024 жылға арналған шекті мәндер өзгерген жоқ (шамамен 2023 жылғы деңгейде қалды).
Жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болды. 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағылар үшін 6 миллион 100 мың теңге болмақ.
Сурет:Tengrinews.kz