Qazaq Air екінші рет сатылымға қойылды

Qazaq Air екінші рет сатылымға қойылды


Сатылым екі кезеңнен тұратын жаңа ашық конкурс аясында өтеді.

«Самұрық-Қазына» қоры «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49%-дан 100%-ға дейін сату бойынша конкурс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Екі кезеңнен тұратын жаңа ашық конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49%-дан 100%-ға дейін сату бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды», — делінген «Самұрық-Қазына» АҚ таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі бірінші кезеңде конкурстық өтінімдерді 2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 10:00-ге дейін қабылданады және 2024 жылғы 16 ақпандағы конкурстың қорытындысын шығады.

Бұған дейін өткізілген «QAZAQ AIR» АҚ енгізуге арналған конкурс 2023 жылдың қарашасында жарамсыз деп танылды.