Түркиядан баспана алатын қазақстандықтардың саны азайды

Түркиядан баспана алатын қазақстандықтардың саны азайды


Қазақстан азаматтары Түркияда баспана сатып алатын елдер рейтингінде өз орнын жоғалтуда, деп хабарлайды LS.

Түрікстаттың мәліметінше, осы жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандықтар 594 жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға аз. Ең жоғары белсенділік шілде айында байқалды – 122 мәміле, ең азы сәуірде (57 мәміле).

Қазақстан азаматтары Түркияда жылжымайтын мүлік сатып алатын елдер рейтингінде Ирак республикасы (612 мәміле) мен Әзірбайжан (427 мәміле) арасында алтыншы орында тұр. 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан осы елдегі үй сатып алушылардың бестігіне кірді.

Түркиядан ең көп баспана сатып алатын елдер қатарында Ресей ең бірінші орында. Жеті айдың ішінде 2,9 мың мәміле жасалған.

LS редакциясы бұрын хабарлағандай, Түркияда 1 шаршы метр жылжымайтын мүліктің құны Қазақстанға қарағанда 32,4% -ға жоғары. Батыс елінде үй бағасы бір шаршы метрге – 875 мың теңге, ҚР-да – 661,8 мың теңге.

Сонымен қатар, Қазақстанда тұрғын үй мен жалға алу құны қымбаттады.