Рейстер кешігіп жатыр: Қазақстандағы байланыс орталығының нөмірлері
2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларында ақпаратты уақтылы беру жөнінде тиісті ұсынымдар берілген.
"Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктелуіне байланысты 2024 жылғы 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларына жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ақпаратты уақтылы беру жөнінде тиісті ұсынымдар берілгенін хабарлайды".Азаматтық авиация комитеті
Бұдан басқа, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында жолаушыларға көмек көрсету мақсатында 2024 жылғы 2-4 шілде аралығында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді.
Сурет: gov.kz