Қазақстанның Тұңғыш Президентінің інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты келіп түскен көңіл айту жеделхаттары

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты келіп түскен көңіл айту жеделхаттары


Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет және үкімет басшыларынан, халықаралық және отандық ұйым жетекшілерінен інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айту хаттары мен жеделхаттар келіп түсуде.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев, Премьер-министр Ә.Смайылов, Парламент палаталарының спикерлері, сонымен қатар, Астана және Алматы қаласының, бірқатар өңірдің әкімдері көңіл айтты.

Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеев Б.Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды қатты қайғыра қабылдады. «Алладан марқұмды панасына алуда, ал Сізге және отбасы мүшелеріңізге сабыр тілеймін», — делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтып, жылы сөзімен жұбатып, қолдау білдірген. «Сізге және отбасыңыздың барлық мүшесіне сабыр мен қуат тілеймін», — делінген хатта.

БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның Тұңғыш Президентіне: «Алла сізге және отбасыңызға осы ауыр қазаны еңсеруге күш берсін», — деді.

Татарстан Республикасының басшысы Р.Минниханов өзінің жеделхатында: «Ажал қайғы мен қуанышта жаныңыздан табылған, талай өмір жолынан өткен жақын әрі қымбат адамды алып кетті», — деп жазды. «Бірге өмір сүрген жылдағы жарқын естеліктер, туыстар мен жақындарыңыздың, адал достарыңыздың жанашырлығы мен қолдауы осындай сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, жеңілдетуге көмектессін», — деп тіледі Татарстан Раисы.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері, соның ішінде ҰҚШҰ Бас хатшысы И.Тасмағамбетов, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қ.Әбдірахманов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы басшысы Сума Чакрабарти және т.б. көңіл айтты.

Бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына саяси және қоғам қайраткерлерінен, депутаттық және дипломатиялық корпустар өкілдерінен, еліміздің діни қызметкерлері мен бизнес қоғамдастығынан, сонымен бірге, Қазақстан халқынан көңіл айту жеделхаттары жолданды.

Авторлар жеделхаттарында ұзақ жыл бойы Болат Әбішұлының қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарына белсенді араласқанын атады. Атап айтқанда, оның бастамасымен құрылған «Салиқалы Ұрпақ» қоры 2016 жылдан бастап білім беру, денсаулық сақтау, халықтың осал тобына қолдау көрсету сынды қайырымдылық жобаларын жүзеге асырған. Сонымен қатар, Қор 2022 жылы ел Президентінің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына 1 млрд теңге аударды.

Халық оны ашық, адал әрі жомарт адам ретінде еске алды, оның жарқын бейнесі білетіндердің жадында мәңгі қалады.