Семей 15 минутқа жарықсыз қалды

Семей 15 минутқа жарықсыз қалды


Жарықпен қоса су беру тоқтатылды.

"Белгілі болғандай, сағат 13:30-да "KEGOC" АҚ желілері бойынша ажырату салдарынан Семейде тұтынушыларды электрмен жабдықтауға шектеу қойылды. Нәтижесінде Семей қаласында электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылды".

15 минуттан кейін біртіндеп электрэнергиясы біртіндеп тұтынушыларға беріле басталды.

"Сағат 13:45-те электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бригадалары жұмыс істейді", — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Ажыратудың себептері анықталуда.

Оқырмандар жіберген ақпараты бойынша кейбір аудандарда электрэнергиясы әлі қосылған жоқ. Жарықпен бірге су да өшіп қалған.

Сурет: ашық дереккөздерден